Бала тәрбиелеудің тәжірибеден өткен 3 түрлі жолы бар. Олар: ✔️ 1. БАЛА СІЗДІҢ ЖАЗАЛАУШЫ ЕМЕС, ТҮЗЕТУШІ ЕКЕНІҢІЗДІ БІЛУІ КЕРЕК. Қол көтеріп ұрсумен, айқаймен ешқандай нәтиже шығара алмайсыз. Бала болған соң, бірдеңені сындырып алады, шалыс басады, ағаттық жасайды. Бұл - қалыпты нәрсе. Егер қатты ұрсып, жазалайтын болсаңыз, сізден қорқып қалған бала келесі жолы ол қылмысын жасыратын болады, сізге сырын айта алмай қалады немесе жай ғана өтірік айтып, алдай салады. Яғни оның ойында «осының қаһарынан құтылсам болды» деген ой ғана тұрады. Сондықтан бірдеңені бүлдіріп, сындырып алған балаға мұның дұрыс емес екенін түсіндіріп, қисық жерін түзетіп жіберіңіз. ✔️ 2. СЕБЕБІН СҰРАП АНЫҚТАУ КЕРЕК. Балаңыз біреудің ойыншығын ұрлап алуы мүмкін. Мұндай кезде «оны неге алдың?»деп сұрасаңыз, себебін айтады. Сіз де соған қарай әрекет жасайсыз. Әрі сіз соны сұраған кезде бала іштей ойланып, өз-өзіне есеп береді. Не үшін бұлай жасағанын ойлануға мүмкіндік алады. Содан кейін барып қана мұның дұрыс емес екендігін айтсаңыз, барлығы жүйелі болмақ! ✔️ 3. БАЛАМА ҰСЫНУ КЕРЕК. Баланы кез келген нәрседен мүлде тыйып тастай алмайсыз. «Жоқ!» деген тыйым оның көңіл-күйіне, талап, жігеріне тікелей әсер етеді. Егер балаңызды бірдеңеден тыйсаңыз, оны алмастыратын басқа нәрсе тауып беруіңіз керек. Мысалы, бүгін теледидар көруге рұқсат бермесеңіз, онда оның орнына далада ойнауына жағдай жасауыңыз керек. Егер қабырғаға сурет саламын десе, қабырғаға салуға болмайды деп тыйып қана қоймай, сол суретті әйтеуір бір жерге салғысы келетінін ескеріп, қолына қағаз беріңіз.   #talimtv #тәлімтв #балатәрбиесі #бала #ұрпақ #тәрбие #тәлім #отбасы #семья #3әдіс #балатәрбиелеу #психология

Теги других блогов: психология тәрбие бала