ҚЫЗЫҢЫЗ ҮШІН ЖАЙ ҒАНА ӘКЕ ЕМЕССІЗ! 👧🏻 Қыз баланың өмірінде ӘКЕНІҢ алар орны ерекше. Себебі, қыз “нағыз жігіттің” бейнесін ең алдымен әкесінен көреді: Әкесіне ұқсайтын адам іздейді (тіпті, өзі оны ойламаса да); Әкесіне ұқсайтын біреуді көрсе, барып мойнына асылғысы келіп тұрады; Ер адамдардың мінезін әкесіне ұқсатады, т.б 👨‍👧 Әкелерге айтарымыз, үйде қызыңызды еркелетіп қана қоймай, оның анасымен де қарым-қатынасыңызды дұрыстаңыз. Себебі, қыздың отбасылық өмір туралы түсінігі, “ер адам қандай болуы керек?” деген сұраққа жауабы ең алдымен әкесі арқылы қалыптасады. Әйеліңізге деген қарым-қатынасыңыз, үйдегі сөйлеу мәдениетіңіз, жүріс-тұрысыңыз - қызыңыздың "Нағыз еркек деген кім?" деген сұрақтарына жауап. 🌷 Мысалы, әйеліңізге орынсыз тиісіп, оған қатты-қатты сөйлеп, біресе түйреп, біресе тістеп үйдің тыныштығын бұзып, қабағыңыздан қар жаудырып жүрсеңіз, қыздың санасында бұл қалыпты жағдай болып жазылып қалады. Ертең күйеу балаңыз да оны орынсыз ренжіте бермесіне кім кепіл? 📊 Тәжірибе бойынша, көп жағдайда қыз бала болашақ жарын (күйеуін) өзінің әкесіне ұқсатып таңдайды екен. Әкесі қаталдау, мінезі қатты болса, дәл сондай жігітпен тіл табысып кетеді. Әкесі жұмсақтау, отбасына мейірімді болса, дәл сондай жігітке көңілі ауады. Сондықтан нәзік гүліңіз, қызғалдағыңыз солмасын, бақытты болсын десеңіз, оның тәрбиесіне өзіңіз де жауапты екеніңізді ұмытпаңыз. Сурет Ғалым Смағұлұлынікі. #talimtv #тәлімтв #отбасы #тәрбие #татулық #қызтәрбиесі #қыз #әке #ана #ата_ана #отбасындағытәрбие #өнеге

Теги других блогов: отбасы тәрбие қызтәрбиесі